“Тараз” ФК Бірінші Лиганың 24-турында ақтаулық Каспиден басым түсе алмады.
Жамбыл жерінде өткен матчта есеп небәрі 6 минутта ашылды. Бұрыштамадан әріптестеріне пас шығарған Қасымжан Таиповтың тепкен добы соққыға ұласып, Заттыбеков қорғаған қақпаға енді. Екінші таймның 60 минутында Стрижков “Каспий” сапындағы деюбттық голын соқты. Ал ойын аяқталарға 5 минут қалғанда, алаң иелері Асылбек Асаннның арқасында есеп айырмасын 1 допқа қысқартты. Алайда кездесу соңына дейін ойын тағдырын өзгерте алмады.
Соңғы өткізген үш кездесудің барлығында жеңіліс тапқан “Тараз” Премьер-лигадан күдерін үзді деп айта беруге болады. Бірінші лиганың қалған бес кездесуінде оңтүстік ұжым үздіктер қатарынан табылу үшін 20-дан астам ұпай жинауы тиіс. Ал команданы алда “Оқжетпес”, “Жетісай” клубтары күтіп тұрғандықтан, “Тараз” үшін жоғары чемпионаттың ауылы алыстамақ.
Біздің серіктес: FONBET