«Тараз» қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

25.07.2021, 03:00
«Тараз» қатарынан екінші матчта жеңіске жетті

Қазақстан Кубогінің үшінші туры аясында "Атырау" мен "Тараз" командалары үш ұпайды сарапқа салды. "Мұнайшы" стадионында өткен кездесу 1:2 есебімен жамбылдық клубтың пайдасына аяқталды.

Матчтың 30-минутында "Атыраудың" жартылай қорғаушысы Жиан Мартинс есеп ашты. Бірінші таймның аяқталуына екі минут қалғанда Дінмұхаммед Қараман Урош Ненадовичтің пасынан кейін есепті теңестірді. Ал 59-минутта Бауыржан Байтана еш қиналмай айып алаңына кіріп, жақын бұрышты дәл көздеді.

"Тараз" бұл ойынына кейін 6 ұпаймен В тобында екінші орынға көтерілді. "Атырау" бір ұпаймен ең соңғы орында тұр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×