«Тараз» Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысын қатарға қоспақ

16.04.2021, 00:28
«Тараздың» қапталда ойнайтын қорғаушылары ауыр жарақат алған секілді.
«Тараз» Қазақстан құрамасының бұрынғы ойыншысын қатарға қоспақ

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Тұранның" қорғаушысы Ермек Қуантаев "Таразға" ауысуға жақын.

"Тұран" сапында екі-ақ матч өткізген 30 жастағы футболшы "Таразға" ауысу туралы шешім қабылдады. Мақсат Әмірханов пен Берік Айтбаевтың жарақатына байланысты жамбылдық клубқа қорғаныстың қапталында өнер көрсететін ойыншылар жетіспеуде. Екі ойыншының да қатарға қашан қосылатыны белгісіз.

Қазақстан құрамасының бұрынғы футболшысы Ермек Қуантаевтың "Тұранның" қазіргі жағдайына, оның ішінде клубтың ұйымдастыру қызметіне көңілі толмаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×