«Тараз» Қазақстан құрамасының қақпашысымен келісім-шартты ұзартты

16.01.2022, 19:48
Сейсен өткен маусымда чемпионаттың барлық матчына қатысты.
«Тараз» Қазақстан құрамасының қақпашысымен келісім-шартты ұзартты

Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхаммеджан Сейсен «Таразбен» келісім-шартын ұзартты, деп хабалайды жамбылдық клубтың ресми сайты.

22 жастағы қақпашы өткен маусымда «Тараз» үшін Премьер-лигада 26 матч өткізді. Чемпионат аяқталғаннан кейін оған ҚПЛ клубтарынан бірқатар ұсыныстар түсті. Атап айтқанда, «Ақтөбе» мен «Тобыл» қақпашымен келіссөздер жүргізді.

Сейсен өткен жылы Қазақстар құрамасына тұрақты түрде шақырту алып жүрді және Солтүстік Македониямен болған жолдастық кездесуде қосалқы құрамнан алаңға шыққан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×