«Тараз» қазақстандық қорғаушымен толықты

20.01.2022, 22:26
Жаңа бапкер команда түлегіне сенім артпақ.
«Тараз» қазақстандық қорғаушымен толықты

24 жастағы қазақстандық қорғаушы Бекзат Шадманов «Тараз» ойыншысы атанды, деп хабарлайды клубтың баспасөз қызметі.

«Өзімнің туған клубыма оралғаныма өте қуаныштымын. Биыл мен алдыма үлкен мақсаттар қоямын. Аянбай жұмыс істеп, бәріне және ең алдымен өзімізге қолымнан не келетінін дәлелдейтін боламын. Клубта қандай қиындықтар болса да, жанкүйерлерді қуанту үшін бәрін жасаймын!» - деді футболшы.

Жамбыл футбол мектебінің талантты түлегі Бекзат Шадманов кәсіби мансабын 2015 жылы «Тараз» командасының қосалқы құрамында бастаған. 2017 жылы негізгі құрамға алынып, Премьер-Лигада 86 ойын өткізді. 2021 жылғы футбол маусымында қызылордалық «Қайсар» (19 матч) сапында өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×