«Тараз» сапын Қазақстан құрамасының футболшысы толықтыруы мүмкін

06.01.2026, 15:14

Еркебұлан Сейдахмет «Тараз» жейдесін киюі ықтимал.

«Тараз» сапын Қазақстан құрамасының футболшысы толықтыруы мүмкін
Еркебұлан Сейдахмет

Бұл туралы «Тараз» футбол клубының басшысы Дидар Сыдықбек Telegram-арнасында хабарлады. Жартылай қорғаушы алдағы уақытта туған командасына оралып, ҚПЛ-ға шығуға көмек қол ұшын созбақшы.

«Еркебұлан Сейдахмет пен оның «Таразға» оралу мәселесі жөнінде әңгімелестік. Оған келісімшарт ұсындық. Жақын арада нақты жауабын береді. Егер осы мәселе оңтайлы шешілсе, Еркош уәдесінде тұрып, туған қаласына оралуға дайын», – деді «Тараз» директоры футболшымен болған әңгімені түйіндеп.

Айта кетейік, Еркебұлан Сейдахметтің дәл қазір «Ақтөбемен» келісімшарты бар. «Таразға» келу-келмеуі де осы мәселеген байланысты. Былтыр ол «Ақтөбе» сапында 18 матчқа қатысып, бір гол мен төрт нәтижелі пастың авторы атанды. Е. Сейдахмет алматылық клубтан бөлек талдықорғанның «Жетісуі» мен ресейлік «Уфа» жейдесінде доп тепті, питерлік «Зениттің» қаралымында болды және Болгария чемпионатында «Левски» командасының намысын қорғады.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 0
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×