"Арарат-Ереван" клубының шабуылшысы Урош Ненадович жақын арада "Тараз" ойыншысы атанады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты. Сербиялық шабуылшының армениялық клубпен келісім-шарты аяқталған екен.
Армения біріншілігіне дейін 27 жастағы шабуылшы сербиялық ОФК, "Нови Сад", "Нови Пазар", "Войводина" және "Рад" сияқты клубтардың намысын қорғады. Сондай-ақ армениялық "Алашкерт" және "Ширак" командаларында ойнады.
Ненадович өткен маусымда "Арарат-Ереван" сапында 18 матчқа қатысып, жеті гол соқты, бір нәтижелі пас берген. Шабуылшы Сербия жастар (U19) құрамасында екі ойын өткізіп, бір мәрте мергендігімен көзге түскен.
Біздің серіктес: FONBET