32 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Ненад Адамович "Таразға" ауысады, деп хабарлады Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында.
Адамович соңғы 2 маусымды "Жетісуда" өткізді. Ол Талдықорғандық клубтың негізгі ойыншысына айналды. Ненад өткен маусымда Премьер-лигада 20 матчқа қатысып, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.
Адамович - "Партизан" клубының түлегі. Ол мансабында сербиялық "Телеоптик", "Металац", "Смедерево", "Хайдук Кула", "Чукарички", беларуссиялық "Динамо Минск", "Витебск", сондай-ақ израильдік "Маккаби" (Петах-Тиква) клубтарында өнер көрсетті.
Біздің серіктес: FONBET