«Тараз» сербиялық жартылай қорғаушыны қатарға қоспақ

13.02.2021, 17:46
Бұл футболшы қазақ футболының жанкүйерлеріне жақсы таныс.
«Тараз» сербиялық жартылай қорғаушыны қатарға қоспақ

32 жастағы сербиялық жартылай қорғаушы Ненад Адамович "Таразға" ауысады, деп хабарлады Айдын Қожахмет өзінің телеграм арнасында.

Адамович соңғы 2 маусымды "Жетісуда" өткізді. Ол Талдықорғандық клубтың негізгі ойыншысына айналды. Ненад өткен маусымда Премьер-лигада 20 матчқа қатысып, 1 гол мен 1 нәтижелі пастың авторы атанды.

Адамович - "Партизан" клубының түлегі. Ол мансабында сербиялық "Телеоптик", "Металац", "Смедерево", "Хайдук Кула", "Чукарички", беларуссиялық "Динамо Минск", "Витебск", сондай-ақ израильдік "Маккаби" (Петах-Тиква) клубтарында өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×