“Тараз” Шерхан Қалмұрзаға құрық салмақ – Дидар Сыдықбек трансфер жайлы мәлімдеме жасады

Бүгін, 11:05

Астана тумасы, бүгінде Алматының "Қайратында" доп тебетін дарынды қақпашы Шерхан Қалмұрза Таразға жол тартуы мүмкін, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Тараз” Шерхан Қалмұрзаға құрық салмақ – Дидар Сыдықбек трансфер жайлы мәлімдеме жасады

"Тараз" футбол клубы Қазақстан U-19  құрамасының қақпашысын өз қатарына қосуға ниетті.

Келіссөздер ертең басталады

Бұл ақпаратты "Тараз” клубының директоры Дидар Сыдықбек ресми түрде растады. Оның айтуынша, клуб басшылығы жас талантты қатарға қосу үшін нақты қадамдарға көшкен.

"Біз Шерхан Қалмырзаның ойынына қызығушылық танытып отырмыз. Ертең "Қайрат” клубына ресми ұсыныс тастап, трансфер бойынша келіссөздерді бастаймыз.” — деді Дидар Сыдықбек.

Айта кетсек, Шерхан еліміздегі ең танымал футболшы. Олай деудің себебіміз оның Инстаграм парақшасына 331 мың адам тіркелген, одан өзге ешбір футболшыға мұнша көп қолданушы жазылмаған. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×