«Тараз» Суперлиганың құрылуына қарсылығын білдірді

21.04.2021, 02:17
Бұл турнирге қатысатын ойыншылардың ұлттық құрамада ойнамау қаупі бар.
«Тараз» Суперлиганың құрылуына қарсылығын білдірді

Суперлиганың құрылуы туралы ақпарат соңғы күндері футбол жанкүйерлері арасында қызу талқыға түсті. Еуропадағы жетекші әрі беделді 12 команда аталмыш турнирге қатысуға өз келісімін берді. Бірақ жаңа турнирдің құрылуына қарсы болған командалар аз емес.

Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, қазақстандық клубтардың ішінде алғашқылардың бірі болып жамбылдық "Тараз" Суперлиганың құрылуына қарсылығын білдірді. Олардың ойынша, бұл турнир командалар арасындағы бәсекелестікті төмендетіп, футболды нағыз бизнеске айналдыруы мүмкін.

"Тараз" Қазақстан Премьер-лигасының ағымдағы маусымында сәтті өнер көрсетуде. Вардан Минасян жаттықтыратын команда алты турдан кейін 14 ұпаймен турнирлік кестеде екінші орынға табан тіреді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×