«Тараз» тағы жергілікті жастармен толықты

05.03.2021 13:41 ҚПЛ

Жамбылдық клуб алты футболшымен еңбек келісім-шартын түзді.

«Тараз» тағы жергілікті жастармен толықты

Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары барысында «Тараз» клуб құрылымына қарасты футбол орталығы мен «Тараз-2» жастар командасының бірқатар ойыншыларымен келісім-шарт жасасты.

Атап айтқанда, Еркебұлан Тойбеков, Жалғас Жақсылықов, Айбек Өксікбаев, Ерсұлтан Қалдыбеков, Елисей Горшунов және Станислав Щербаков негізгі құрамның жейдесінде өнер көрсетпек.

Клуб жетекшісі Талғат Тұрлыбайұлы бұл жоғарыда аталған ойыншылардың кәсіби тұрғыдағы тұңғыш келісім-шарттары екенін жеткізді.

– Осы жігіттер маусым алдындағы жиындарда өткен кездесулерде өздерін жақсы қырынан көрсете алды. Психологиялық тұрғыда жоғары деңгейдегі ойындарға қатысуға дайын. Біздің клуб осы келісім-шарттарды жасау арқылы өз тәрбиеленушілерін қатарға қосуды, негізгі құрамға тартуды жалғастырып отыр. Премьер-лига ойындарына қатысып, тәжірибе жинақтап, келешекте шебер ойыншылардың қатарынан көрінетініне сенімім мол, - деді клуб жетекшісі.

«Тараз» КФК баспасөз қызметі

0 пікір