«Тараз» тірі екен

24.01.2023, 02:53
«Тараз» тірі екен


Үн-түнсіз қалған "Тараз" ФК жаңа маусымға деген дайындығын пысықтауда.

Жамбылдық ұжым "Оңтүстік Академиясында" жаттығу жиындарын өткізіп жатыр екен. Шымкентке "Тараздың" үш командасы келіпті. Сол командалардағы жастар бұл жиында өзін бар қырынан көрсете білуі тиіс. 

Мұнда олар жергілікті командамен жолдастық кездесу өткізіпті. "Тараздың" бас бапкері Фархат Мирсалимбаев ойынға екі құрам шығарды. Маман бар ойыншыны сынап көргісі келген екен. Ойын құбылмалы деңгейде өрбіді. Жалпы айтқанда, ойын 1:1 есебімен аяқталды. Жамбылдықтар сапынан Баймолда Абзал көзге түсті. 

Еске салайық, "Тараз" осы маусымды бірінші лигада бастайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×