Тараз түлегі “Ақтөбеден” кетісімен өзіне жаңа команда тапты

Елордалық “Жеңіс” Бауыржан Байтанамен келісімге келгенін қуана хабарлады.

Тараз түлегі “Ақтөбеден” кетісімен өзіне жаңа команда тапты

Баджо “Тараз” футбол мектебінің түлегі. Кәсіпқой мансабында “Тараз”, “Атырау”, “Сұңқар”, “Тобыл”, “Қайрат”, “Шахтёр” және “Ақтөбе” футбол клубтарында ойнаған. “Қайраттың” сапында екі рет Қазақстан Кубогының иегері болды. Ол елдің жоғары дивизионында және Қазақстан Кубогында 260-тан астам кездесу өткізген.

Бауыржанның еншісінде еліміздің ұлттық құрамасы сапында 5 ойын бар.

"Жеңіс" командасына Байтана еркін агент ретінде қосылды. Алдағы уақытта оның ойын нөмірі жайында ақпарат шығатын болады. 

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Жеңіс
×