“Тараз” түлегі “Оқжетпес” сапына ауысуы мүмкін

32 жастағы Бауыржан Исламхан Көкшетау командасымен келісімге келеді деп күтілуде. 

“Тараз” түлегі “Оқжетпес” сапына ауысуы мүмкін

Жамбыл футболының түлегі өзінің мансабын 2010 жылы “Тараздың” екінші командасында бастаған. 2011 жылы ол негізгі ұжыммен бірге Премьер-лигада дебют жасады. Жалпы “Тараз” жейдесінде Исламхан 50 матч өткізіп, 6 гол соқты. 2014 пен 2019 жылдары футболшы алматылық “Қайраттың” намысын қорғады (169 ойын, 50 гол). Өткен маусымда жартылай қорғаушы “Ордабасы” сапында доп теуіп, шымкенттік ұжыммен Қазақстан чемпионы атанды. Жаңа маусымда Бауыржан “Тұран” тізімінде болғанымен, алаңда бірде бір ойын өткізбеді. 

Футболшы Премьер-лига аясында жалпы 256 ойын өткізіп, 60 голдың авторы атанды.

Трансфермаркт порталы Исламханды 300 мың еуроға бағалайды. 

Айта кетейік, “Оқжетпес” командасы ішкі чемпионаттың 17-тур қорытындысы бойынша 27 ұпаймен турнир кестесінде 5 орында келеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×