Ақтаулық "Каспий" Премьер-лиганың 10-турында "Тараздан" жеңіліп қалды. Ойын Алматыдағы "Жас Қыран" стадионында өтіп, 0-2 есебімен аяқталды.
Кездесудің 35-минутында "Каспий" қақпасына пенальти белгіленді. Пуношевац жасаған бұл соққыны Милошевич қайтара алды. Бірақ 42-минутта "Таразға" гол соғудың сәті түсті. "Каспий" қорғаушыларының қателігін сәтті пайдаланған Чадженович есеп ашты. 57-минутта Тони Сильва екінші голды соғып, матчтың нүктесін қойды.
Үш ұпайға қол жеткізген "Тараз" 10 ұпаймен сегізінші орынға көтерілді. Кезекті жеңіліске ұшыраған Ақтаулық ұжым 4 ұпаймен соңғы орында қалды.
Біздің серіктес: FONBET