Бүгін «Тараз» командасы Қазақстан Премьер-лигасының бесінші туры аясында сырт алаңда Түркістанның «Тұран» командасымен кездесті.
Матч басталғаннан «Тараз» шабуылда белсенді өнер көрсетіп, жылдам есеп ашуға тырысты. Бірнеше мәрте бұрыштама соққысын жасады. Алайда өткен турдағы стандартты жағдайларды қатаң ескерген болуы керек, алаң иелері қақпаға соққы жасауға мүмкіндік бермеуге тырысты. Бірақ кездесудің 79-минутында бұрыштама жасаған тараздықтар стандартты жағдайдан гол соғуға тырысты. Ұрымтал сәтті мүлт жібермеген Педро Эуженио есеп ашып, «Таразды» алға шығарды. Одан кейін қос команда алма кезек шабуылдағанмен қақпадан саңылау таба алмады.
Кезекті үш ұпайды қоржынға салған «Тараз» 5 турдан кейін 11 ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орынға көтерілді. 2 ғана ұпайы бар түркістандық команда он бірінші орыннан жылжи алмады.
Біздің серіктес: FONBET