«Тараз» «Жетісу» қақпасына соңғы минуттарда гол соғып, үш ұпайға ие болды

17.10.2021, 20:55
«Тараз» соңғы минуттарда жеңісті жұлып алды.
«Тараз» «Жетісу» қақпасына соңғы минуттарда гол соғып, үш ұпайға ие болды

Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясында "Жетісу" мен "Тараз" үш ұпайды сарапқа салды. Матч Талдықорғандағы "Жетісу" стадионында өтіп, 1:1 есебімен аяқталды.

Кездесудің 67-минутында "Тараз" шабуылшысы Ненад Адамович баспен гол соғып, командасын алға шығарды. Бірақ ойынның аяқталуына төрт минут қалғанда Дияс Қалыбаев есепті теңестіріп кетті. Ал 93-минутта Тимур Досмағамбетов жеңісті голды соғып, командасына үш ұпай сыйлады.

Бұл ойыннан кейін талдықорғандық ұжым 12 ұпаймен ең соңғы орында қалды. "Тараз" 29 ұпаймен тоғызыншы орынға көтерілді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×