Жаңа алаң оңтүстік өңірдің футбол сүйер қауымына келесі жылдың басында қолданысқа берілмек.
Қаланың орталық көшелерінде орналасқан жасыл алаң 4 қабатқа соғылған екен. Сол арқылы спорттық нысан еліміздегі тұңғыш терассадағы футбол ойындары өткізетін орынға айналды. Құс ұшар биіктікте бой көтерген алаңда доп ұшып кетеді деген қорқыныш туындауы мүмкін. Алайда жеке кәсіпкер спорттық нысан төбесіне арнайы тор тартқызып қойған. Одан тағысы, бұл алаңша Жамбыл облысының әуесқой деңгейдегі турнирлерін қабылдауды жоспарлап отыр. Сол үшінде талапқа сай болу үшін нысанға комментаторлық позиция мен киім ауыстыру бөлмелері қарастырылған.
Айта кетейік, Жамбыл облысындағы бірігей алаң 2026 жылдың қаңтар айында қолданысқа беріледі деп күтілуде.