Таразда заманауи футбол академиясы бой көтереді

Академия құрылысына Halyk қоры 3,5 млрд теңге бөлетін болды.

Таразда заманауи футбол академиясы бой көтереді

2027 жылы толық пайдалануға берілетін академия іргетасын қалау рәсіміне Жамбыл облысының әкімінің орынбасары Ербол Қарашөкеев, ҚФФ бас хатшысы Давид Лория және Halyk қорының атқарушы директоры Ғалымбек Жақсылықов қатысты. 

Жамбыл жерінде бой көтеретін заманауи спорттық нысанда еліміздің түкпірінен жиналған 100 талантты футболшы тәрбиеленбек. Мұндағы барлық инфрақұрылым УЕФА мен ФИФА стандарттарына сай болып, спортшылардың қолайлы жағдайда жаттығу жасауына мүмкіндік туғызады. 

Академия іргестасы қаланып болған соң, Федерация өкілдері бастаған топ Halyk қорымен қаржыландыру мәселесі бойынша меморандумға қол қойды. Ендігі кезекте келер жылы жергілікті компания спорттық нысандардың құрылысына көшеді. Жоспар бойынша академия ел игілігі үшін 2027 жылы беріледі деп жоспарлануда.

Айтпақшы, ғимаратта ойыншыларға арналған жатақхана, оқу сыныптары, медициналық бөлім, әкімшілік блок, жабық және ашық бірнеше кәсбіи жаттығу алаңы орналасады.

Тағы бір қосатыны, 2026 жылдың соңына қарай Талғар қаласында 150 тәрбиеленушіге арналған ұлттық академияның құрылысы аяқталады. Ол ФИФА-ның Таланттар академиясы мертебесін алды. Сол арқылы біздің еліміз әлем бойынша академиясы жоғары мәртебиеге ие болған тоғызыншы ел атанады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 6
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Тараз
Aladop Youtube
×