Тараздан шыққан талант

Еліміздегі ең талантты ойыншы қалай дамыды?
Тараздан шыққан талант

Қазақ футболында талантты ойыншылар аз болған жоқ. Біршамасы Ресей біріншілігінде ойнап бағын ашты. Кейіннен өзге де елдердің біріншіліктеріне барып доп тепкен қазақ футболшыларын білеміз. Грекия, Кипр, Түркия, Швеция, Голландия, Бельгия, Польша секілді елдерде Қазақстан құрамасының ойыншылары өнер көрсетті. Десе де, жанкүйерлер ойынын ұнататын бір футболшылмыз – Бауыржан Исламхан. Талантты ойыншы деп толықтай айтуға құқымыз бар. Алыс-жақын шетелдің мамандарын таңқалдырған Бауыржан жайлы әркім әртүрлі пікір айтты. Ал негізі оның спорттағы жолы қалай болып еді?

2011 жылы ол «Тараз» командасына алынды. Бас бапкер Воит Талғаев жергілікті жастар мен тәжірибиелі легионерлерді араластырып команда жасақтап жатты. Чемпионаттың бірінші турында «Тараз» қаладағы екінші жасыл алаң «Жастар» стадионда ойнады. Бірінші матчта «Тараз» «Ертіске» 0-1 жеңілді. Бауыржан Исламхан осы ойында негізгі құрамда алаңға шығып, алғашқы ресми дебютін жасады. Виталий Евстигнеев пен Абдуллай Диакате секілді тәжірибиелі ойыншылар ортада көп көмектескенімен Бауыржанның ойыны жүрмеді. Екінші таймға оның орнына басқа Бауыржан, жартылай қорғаушы Бауыржан Байтана шықты. Міне, осы бір кезек Исламхан үшін ауыр күндер болды. Негізгі командада бірден жарқырап көріне алмай, өз ойынын таба алмады.

Кейінгі ойындарда Исламхан матчқа қатысатын футболшылар тізіміне де алынбай жүрді. Шыны керек ол кезде ақпараттың ағыны жоқ еді. 7-турда «Тараз» «Шахтермен» сыртта ойнап, 3-0 жеңілді. Бірақ, осы матчта Бауыржан 78-минут ойнады. Ал одан кейінгі, 8-турда «Тараз» «Востокпен» кездесті. Мен бұл матчта болған жоқпын, бірақ болған адамдар керемет әсерлерімен бөлісті. «Тараз» «Востокты» 3:1 жеңіпті. Ал ойынның алғашқы голын Бауыржан Исламхан деген жас ойыншы соққанын жанкүйерлер жыр қылып айтып жатты. Осыдан соң «Тараз» жанкүйерлері бұл ойыншы жайлы көп ақпарат білгісі келіп, қызығушылық танытты. 7-мамыр күні «Тараз» өз алаңында «Қайсармен» кездесті. Осы ойынды көруге мен де келдім. Ол кезде КазГуде магистратурада оқитынмын. Отан қорғаушылар мерекесін желеулетіп туған қалама келгенмін. Ойынның бірінші минутында «Тараз» бір гол салып, жанкүйерлер орындарынан дүр етіп түрегелді. Команда гол соққанда жанкүйерлердің біреуі де қалмай орындарынан атып тұратын. Бұл атмосфераны мен еліміздің көп стадионынан көре қоймадым. Осы матчта Исламханның ойынын жақыннан тамашаладым. Трибунадағы тәжірибиелі жанкүйерлер оны мақтап, әрбір қадамын аңдып отыратын. Сөздің майын тамыщатын неше түрлі «комментаторлар» да трибунаның төрінен орын алатын. «Мына баланың болашағы зор», «Байтана мықты деп жүрсек, Мына Исламхан одан өткен талантты екен» десіп жататын.

Бауыржан 18-жастағы ойыншы болса да, өзін өте еркін сезіне бастаған. Ортада тұрып алысқа пас бергенді ұнатады. 40-50 метр жерге пас тастайды. Әуелеген доптары әріптестеріне дәл барып жатады. Жамбылдық көрермен мұндай пастарды көп көрмеген, кейде таңданысып қалатын. Ойынның кейбір минуттарында Бауыржан шабыттанып доп бермей ортада ойқастап жүріп алады. Бірақ, негізі доп қабылдайды да бірден ұзақ созбай пас береді. Ары бері жүгіріп, ашылудың қамын қарастырады. Осы матчтан соң Бауыржан Исламхан деген жаңа талантты футболшы шыққаны туралы мақала жаза бастадым. Жергілікті журналистер одан сұқбат алып, облыстық газеттерге шығарды.

Араға бір ай өтпей бұл футболшыны бүкіл Қазақстан білді. Оның таланты Қазақстан жастар құрамасының бапкерлерінің назарын бірден аудартты. 2012 жыл бастала салысымен ол Қазақстан жастар құрамасымен «Достастық кубогы» жарысына қатысты. Ол кезде құрамада Алексей Щеткин, Сергей Хижниченко, Бауыржан Жолшиев секілді футболшылар ойнайтын. Жастар құрамасының бас бапкері Слободан Крчмаревич Молдованы пенальти сериясында жеңіп, 7-орын иемденді. Бұл өте нашар көрсеткіш еді.

2012 жылғы Қазақстан премьер-лигасының маусымын Бауыржан «Тараз» сапында бастады. Бұл жылы ол Чемпиондар лигасын жеңген атақты бапкер Любко Петрович тізгінін ұстаған «Тараздың» көшбасшы ойыншысына айналды. 23 ойында 4 гол салды. Ортадағы ойыны күшейіп, жас футболшы мықты жартылай қорғаушыға айналып кетті. Маусым аяқталған соң 2013 жылдың басында ол әдеттегідей «Достастық кубогына» қатысты. Осы жарыс Исламханды бүкіл ТМД елдеріне танытты. Қазақстан – Ресей ойынының үздік футболшысы атанған ол ресейлік скауттардың көзіне түсті. Келесі 2014 жылғы «Достастық кубогына» тілші ретінде барғанымда жергілікті жанкүйерлер менен «өткен жылы құрамаларыңда 9 нөмермен ойнайтын бір футболшы бар еді, сол қайда?», деп сұрап жатты. Менің жауабым «ол қазір Ресей премьер-лигасындағы «Кубань» командасының футболшысы» деген мақтаныш кернеген жауап еді. Міне, «Тараз» командасы осы ауысымнан қомақты қаржы алып, алғашқы ірі трансферін тіркеді. Бауыржанның ойыны Тараздың көптеген жастарына үлгі болды.  


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Манчестер Сити
Эвертон
17.30
П1
1.365
Ничья
5.55
П2
8.85
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ньюкасл Юнайтед
Астон Вилла
20.00
П1
1.966
Ничья
3.99
П2
3.745
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Борнмут
Кристал Пэлэс
20.00
П1
1.943
Ничья
3.915
П2
3.905
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Челси
Фулхэм
20.00
П1
1.519
Ничья
4.94
П2
6.06
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Саутгемптон
Вест Хэм Юнайтед
20.00
П1
3.365
Ничья
3.585
П2
2.223
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Ноттингем Форест
Тоттенхэм Хотспур
20.00
П1
2.421
Ничья
3.81
П2
2.854
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.26
Вулверхэмптон
Манчестер Юнайтед
22.30
П1
3.72
Ничья
3.895
П2
1.999
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.27
Ливерпуль
Лестер Сити
01.00
П1
1.088
Ничья
13.6
П2
30
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Брайтон энд Хав Альбион
Брентфорд
00.30
П1
1.69
Ничья
4.53
П2
4.685
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.28
Арсенал
Ипсвич Таун
01.15
П1
1.162
Ничья
8.85
П2
19
Aladop Youtube
×