QJ League инфрақұрылымы талапқа сай емес клубтарды өз қатарынан шығару туралы қатал ескерту жасаған болатын. Бұл тізімге бұрынғы басшылықтың салғырттығынан "Тараз" да ілігіп кеткен еді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Серый CARDINAL телеграм арнасының мәліметінше, биыл ғана клуб тізгінін ұстаған Дидар Сыдықбек жағдайды түзеу үшін білек түре кірісті. Клубты лигадан шығарып алмау үшін ол қысқа мерзімде демеушілер тауып, "Жастар” стадионын толық модернизациялауды бастап кеткен.
Дереккөздің жазуынша, қазіргі таңда "Жастар” стадионы нағыз құрылыс алаңына айналған. Әзірге келесі жұмыстар қарқынды жүріп жатыр:
– Газонды жаңарту: Жарамсыз болып қалған ескі алаң төсеніші толық ауыстырылуда.
– Жанкүйерлерге жағдай: Төзімі таусылған ескі орындықтардың орнына жаңалары орнатылуда.
– Ішкі жөндеу: Киім ауыстыру бөлмелері, душ пен әжетханалар заманауи стандартқа сай жөнделуде.
– Жарықтандыру: Кешкі уақытта ойын өткізуге мүмкіндік беретін қуатты прожекторлар орнатылуда.
Сарапшылардың пікірінше, бұл қатал ескерту клуб үшін жақсы серпіліс болды. Дидар Сыдықбектің мақсаты — стадионды QJ League-дің жоғары талаптарына сай келтіріп, клубтың лигадағы орнын сақтап қалу.