Тараздық футболшы “Астана” сапына қосылды

Бүгін, 17:14

Қазақстан ұлттық құрамасының 25 жастағы жартылай қорғаушысы Дінмұхамед Қараман мансабын тағы бір елордалық клубта жалғастырмақ, деп хабарлайды Aladop.kz.

Тараздық футболшы “Астана” сапына қосылды

Бейресми деректерге сүйенсек, жаңа клубтағы жалақысы бұрынғы командасындағы табысынан екі есе көп болмақ.

Өткен маусымда "Жеңіс" сапында Дінмұхамед команданың негізгі ойыншыларының біріне айналды. Ол, 25 ойында 4 гол соғып, 3 нәтижелі пас берді.

Дінмұхамедтің кәсіби деңгейге көтерілуі туған жерінен басталған. Мансабын 2018 жылы Бірінші лигадағы "Тараз" клубында бастады.

Премьер лигадағы алғашқы ойынын 2019 жылы мамырда дәл осы "Астанаға” қарсы өткізген болатын.

Жоғары дивизиондағы дебюттік голын 2021 жылы "Ақтөбе” қақпасына соққан.

Дінмұхамед — танымал футболшы Құрмет Қараманның інісі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×