«Тараздың» осы маусымдағы үздік сұрмергені командадан кетті

09.07.2021, 14:11
Футболшының қай клубқа ауысатыны әлі белгісіз.
«Тараздың» осы маусымдағы үздік сұрмергені командадан кетті

Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Тараздың" португалиялық вингері Педро Эуженио командадан кетті.

31 жастағы футболшы күні кеше жаттықтырушылар құрамымен қоштасты. Ол ағымдағы маусымда жамбылдық клуб үшін 18 кездесу өткізіп, 7 гол соқты және команданың осы маусымдағы үздік сұрмергені болып табылады. Эуженионың мансабын қай клубта жалғастыратыны әлі белгісіз. Оған "Астана", "Шахтер" және Болгария чемпионы "Лудогорец" қызығушылық танытуда.

Педро өткен маусымда "Жетісудың" намысын қорғады, ал Қазақстанға келгенге дейін Португалияның бірқатар клубтарында, одан бөлек болгариялық "Хасково-2009", "Черно Море", "Верея", "Берое" түркиялық "Алтай" командаларында өнер көрсетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×