«Тараздың» сербиялық шабуылшысы армениялық клубқа ауысты

23.01.2022, 17:36
Оның жамбылдық клубпен келісім-шарт мерзімі аяқталды.
«Тараздың» сербиялық шабуылшысы армениялық клубқа ауысты

27 жастағы сербиялық шабуылшы Урош Ненадович Тараздан кетіп, еркін агент ретінде «Пюникке» ауысты, деп хабарлайды армениялық клубтың баспасөз қызметі.

Еске салайық, Ненадович 2021 жылдың шілдесінен бері «Таразда» өнер көрсетті. Осы уақыт ішінде 14 кездесу өткізіп, 3 гол соқты, 2 нәтижелі пас берді.

Беделді Transfermarkt порталы оның құнын 300 мың еуроға бағалап отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×