Meta-ratings.kz сайтына белгілі болғандай, "Тараздың" 22 жастағы вингері Габриэль Кан ФНЛ-де ойнайтын "Велес" клубында қаралымда жүр.
Кан "Тараз" тәрбиеленушісі және соңғы жылдары жергілікті мектептен Бақтиёр Зайнутдиновпен бірге шыққан дарынды түлектердің бірі болып саналды. Бірақ ол көбінесе Бірінші лигада ойнап, негізгі командадан өз орнын таба алмады. Атап айтқанда, ол "Каспийге" жалға берілді, сондай-ақ "Тараздың" фарм-клубында өнер көрсетті. Ал Вардан Минасян футболшыдан осы маусым басталмай тұрып бас тартты.
Бір қызығы, "Велестің" жаттықтырушылар штабы өткен маусымда "Тараздың" намысын қорғаған команданың жартылай қорғаушысы Аюб Бацуевтен, сондай-ақ Бактиёр Зайнутдиновтен Кан туралы оң сипаттама алған. Бірақ үш күндік қаралымнан кейін мәскеулік клуб шабуылдың екі қапталында да ойнауға қабілетті қазақстандық футболшымен келісім-шартқа отырмайтын болды.
Біздің серіктес: FONBET