«Тараздың» жаттығу жиынына болгариялық футболшы қосылды

07.02.2022, 23:04
Жамбылдық клуб әзірге екі легионерді қатарға қосып үлгерді.
«Тараздың» жаттығу жиынына болгариялық футболшы қосылды

Aladop.kz сайтына белгілі болғандай, болгариялық жартылай қорғаушы Милен Гамаков «Тараздың» жаттығу жиынына келіп қосылады

Өткен жылы «Жальгирис» сапында чемпион болған 27 жастағы Гамаков орталық жартылай қорғаушы ретінде көзге түсіп жүр. Оның бойы - 1,89 сантиметр. Ірі денелі жартылай қорғаушы қорғаныс пен шабуылдың ортасын жалғайды.

Милен Польшаның «Лехия», «Рух» командаларында өнер көрсеткен. Еурокубоктік ойындарда тәжірибиесі бар. «Ботев» командасында ойнаған кезінде бас бапкер Никола Костов оны орталық қорғаушы ретінде пайдаланған екен. Гамаков Болгария жастар құрамасында 20 ойын өткізіп, 2 гол салған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×