Тарихы терең Тараз футболы

04.08.2015, 22:06
Тарихы терең Тараз футболы
Fc TarazТарихтың терең қойнауына кеткен парақтарды ақтарар болсақ, 1921 жылы Тараз қаласында алғашқы рет футбол ойыны пайда болған екен. Там-тұмдап кездесетін осы бір тарихи фактілерді тізбелеп өтсек. Қаламыздың ең алғашқы біріншілігі 1936 жылы өтті. Ал 1946 жылы «Локоматив» деп аталатын командамыз Қазақстан чемпионы атанды. Және1947 жылы осы атағын екінші мәрте қорғап қалды. Қала намысын қорғаған «Локоматив» 1948 жылы КазССР чемпионатында үшінші орынға жайғасады. Сол жылдары команда сапында Евгений Ротт, Сергей Египко, Николай Щёголь, Николай Ильин, Александр Мозговой, Василий Ткаченко, Евгений Байтазов, Тимофей Магай, Евсей Уршанский, Василий Гончаров, Эльвир Петров, Юрий Власов, Филипп Бурмистров, Грушко секілді футболшылар өнер көрсетті.  Қалалық команданың алғашқы жетістіктері 1948 жылы «Динамо» деп аталатын командамыз Қазақстан кубогының финалына дейін жете білді. 1949 жылғы мәлімметтерге сүйенетін болсақ онда «Динамо» келесі жылғы маусымда күллі республикалық чемпионатта қола жүлдегер атанып, кубок бәсекесінде ширек финалға дейін жеткен. 1950 жылы Динамо командасы тағы бір мәрте ел чемпионатында үшінші орын алып кубок жарысында финалда Алматы қаласының командасын 3-1 есебімен жеңіп, кубок иегері атанады. Сол ойында жамбылдықтар сапынан голдарды Е.Уршанский, К.Козмиди, В.Гончаровтар салады. Сол маусымда «Динамо» сапында Евгений Ротт, Василий Ткаченко, Николай Щёголь, Александр Мозговой, Василий Гончаров, Сава Велисариди, Евсей Уршанский, Константин Козмиди, Николай Ермаков, Фёдор Гриценко, Рахмон Келесов, Владимир Сущенко, Александр Колесихин, Павел Оргиропуло секілді футболшылар өнер көрсетті. 1952 жылы өзге командалардан тағы да бірнеше мықты футболшы алдыртты. Соның арқасында жерлестеріміз чемпионатта екінші орын алып, кубоктың финалында ғана сүрініп қалды. Қаланың үздік ұжымдары 50-жылдардың соңына қарай қала біріншілігінде өнер көрсететін командалар саны көбейді. Солардың қатарында Е.П.Ротт баптайтын «Металлист» және В.Сердюков жаттықтыратын «Диномо» болды. Бұл екі ұжымды өзгелерден ерекшелеп өтудің өз себебі бар. Өйткені, 1958 жылы «Динамо» КазССР чемпионатында 4-орын, кубок бәсекесінде финалға дейін жетті. Ал 1959-жылы команда ел біріншілігінде күміс жүлдегер атанды. Шеберлер командасы 1960 жылы Қазақстан чемпионатында «Металлист» командасы күміс жүлдегер атанды. Осының арқасында қаламыздың командасы келесі жылы Бүкілодақтық чемпионаттың «Б» девизионында  өнер көрсету құқығына ие болды. «Металлист» нағыз шеберлерден жасақталған ұжым болды. Команда негізін енді бұрынғы команда футболшылары мен қатар «Динамо» командасының ойыншылары құрай бастады. Екі ұжым бір шаңырақ астына жиылды. Команданы Коммунмаш зауыты (директоры И.И.Левин) басқарды. «Металлист» командасының алғашқы өкілдері: Анатолий Башкатов, Виктор Новоторжин, Равиль Хуснутдинов, Юрий Федосеев, Ақзам Тәшметов, Анатолий Булыбин, Валерий Скулков, Владимир Коркин, Владимир Малоштанов, В.Буйчак, Григорий Цирюльник, Виктор Хлопов, Владимир Воробьев, Кирилл Ткаченко, Михаил Исаев, Борис Толпегин, Л.Дмитрюк, Николай Муратов, Николай Ченколиди, Әлібек Алиев, Юрий Буйлов, Лионид Решетко, Стилиан Мазманиди, Евгений Пономарёв, Юрий Тимошенко, Т. Мыңбаев. Аға бапкер - Евгений Петрұлы Ротт, бапкер – Николай Зиновиұлы Щёголь, әкімшілік – Юрий Александрұлы Герасимович. Бұрын-соңды мұндай ірі жарысқа қатысып көрмеген жерлестеріміз алғашқы маусымда 13-сатыфдан көрінді. Бұл әрине де чемпионат дебютанттары үшін төмен көрсеткіш емес еді. «Б» девизионындағы командалар арасындағы чемпионатқа қаламыздың командасы 10 жыл бойы қатысып келді. 1965 жылы «Металлист» аға бапкер П.Г.Зенкиннің жаттықтыруымен алғашқы алтылыққа енді. Соның арқасында команда Баку қаласында өткен финалдық кезеңде өнер көрсетті. Әзірбайжан жерінде «Металлист» төртінші орын алды. Команданың үздік мергені болып В.Абрютин танылды. Ол маусым барысында 20 гол соқса, финалдық кезеңде 2 голдың авторы атанды. 1966 жылы сұрмерген көрсеткішін асырып, қарсыластар қақпасына 28-доп соқты. Команда бапкері П.Г.Зенкинге «Кеңес үкіметіне еңбегі сіңген бапкер» деген атақ берілді. 1969-1970 1969-жылы «Энергетик» деп аталатын қаламыздың командасы өз аймағында 4-орыннан көрініп, «Б» дивизионының командалары арасында Қазақстан кубогының иегері атанды. Футболшылардың барлығына да «КСРО спорт шеберлігіне үміткер» деген дәреже берілді. Команданы аға бапкер И.А.Свешников пен жаттықтырушы Г.А.Чепкасов баптады. Команданың үздік мергені болып 23 гол соққан Сейітжан Байшақов болып танылды. «АЛАТАУ» В 1971 году нашей команде за успешное выступление в классе «Б» было предоставлено место во Второй лиге класса «А». В 1971 году команда под названием «Алатау» в упорной борьбе со старожилами второй лиги класса «А», в своей зоне завоевала серебряные медали, за что старший тренер Л.К.Остроушко был удостоен звания «Заслуженный тренер Каз.ССР». Ему помогал начальник команды А.Б.Буркетбаев и тренер А.Ж.Курумбаев. В 1973 году команда «Алатау» заняла второе место в зоне, уступив чемпиону лишь по разнице мячей. Начальником команды был Н.З.Щёголь, старшим тренером - Е.И.Кузнецов, тренером – А.Ж.Курумбаев. 1971 жылы «Б» дивизионында көрсеткен тамаша нәтижесі үшін біздің командаға «А» дивизионының екінші лигасында өнер көрсету құқығы берілді. 1971-жылы «Алатау» деген есіммен танылған футбол ұжымы өте тәжірибиелі командалармен иін тірестіре жүріп күміс жүлдеге қол жеткізді. Ал команда бапкері Л.К.Остроушко «ҚазССР-дің еңбегі сіңген бапкері» деген атаққа ие болды. Оған команда жетекшісі А.Б.Бүркітбаев пен жаттықтырушы А.Ж.Құрымбаев көмектесті. 1973 жылы «Алатау» командасы өз аймағында тағы да екінші болды. Олар чемпионға тек доп айырмашылығы бойынша ғана жеңіліп қалды. Сол шақта команданы Н.З.Щёголь басқарса, оның көмекшісі болып Е.И.Кузнецов жұмыс жасады. Ал бапкерлік қызметте А.Ж.Құрымбаев болды. «ХИМИК» Аймақтық доданың күміс жүлдесін жеңген «Химик» 1986 жылы қос бапкер Қ.Б.Бердыев пен В.А.Талгаевтарды көпшілікке танытты. 1982-84жылдары «Химик» 3-орыннан ары аса алмай жүрген болатын. Командада ол кезде жетекші В.Г.Катков, аға бапкер Ю.Г.Полянский, жаттықтырушы болып В.Л.Хван қызмет етті. 1987 жылы А.В.Брестер жетекші болып, оның орнына аз уақыттың ішінде А.Н.Лигерсу отырды. Сол жылы Бердыев аға бапкер болса, Талгаев екінші бапкер қызметін алды. Команда тарихында 1976 жыл өте сәтсіз өтті. 21 команданың ішінде біздің ұжым 13-орын алып қалды. Және 1979-жылы 24 команда ішінде жарысты 19-сатыда аяқтады. 1990 жылы Буферлік лига құрылып, онда: Ресей, Өзбекстан, Түркменстан, Қырғызстан, Қазақстан елдерінің футбол ұжымдары бақ таластырды. 1989-жылғы маусым қорытындысы бойынша «Химик» сол буферлік лигада ойнауға мүмкіндік алды. В.А.Талгаевтың баптауымен сынға түскен жерлестеріміз 24 команданың ішінде алтыншы болды. Бұл қазақстандық командалар арасында екінші көрсеткіш еді.   ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ 1992 жылы тараздық команда Қазақстан чемпионатына қатысты. Тәуелсіздігін енді алған егеменді еліміздің алғашқы чемпионатында жамбылдықтар тәуір ойнады. Және 1992 мен 93-жылдары қатарынан Талгаев пен Л.Хван баптайтын команда екі мәрте Қазақстан кубогының финалына дейін жетті. Айта кетуіміз керек 93-жылғы маусымда команда «Тараз» деген атауды алды. Оның алдыңғы жылы ұжым аты «Фосфор» болатын. 1994-жылы «Тараз» Азия құрлығында кубок иегерлерінің кубогы деген жарысқа қатысып, сары құрлықта 8-орынға табан тіреді. Команданы ол кезде В.В.Марьянков баптаса, В.Л.Хван мен А.И.Бельскийлер көмекші қызметінде еді. 1995 пен 1997 жылдары «Тараз» чемпионаттың күміс жүлдегері болса, 1996 жылы Қазақстан чемпионы атанды. Керемет нәтиже үшін команда бапкері «Қазақстан республикасына еңбегі сіңген бапкер» атағын иеленсе, футболшылардың барлығы «ҚР Спорт шебері» деген атақты алды.  1997 жылы «Тараз» Достастық кубогы мен азия елдерінің Чемпиондар кубогы додасына қатысты. Одан кейінгі жылдарда команда басына қара бұлт үйіріліп, әулиеаталықтар дағдарыстан шыға алмай ұзақ жүрді. Үнемі бапкерлер ауысып, клуб жетекшілері мен футболшылар тұрақсыздығы түбінде даңқты команданы құлдырауға әкеліп соқтырды. 2001 мен 2007 жылдары тіпті команда жоғарғы лигадан шығып қалып жатты. 2002 мен 2008 жылдары мықтылар қатарына қайта ілінді. 2004 жылы Ю.В.Коньковтың жаттықтыруымен команда Қазақстан кубогын жеңіп алды. Сол жеңіс үшін 16 аяқдопшы «ҚР спорт шебері» деген атаққа қол жеткізді. Жамбыл футбол мектебінің түлегі Олег Литвиненко Қазақстанда осы күні ең көп гол соққан ойыншы ретінде тіркелген. Ол чемпионат пен кубокта және ұлттық құрама сапында 208 гол соққан. Одан кейін де тағы бір Тараз футболының тарланы Нүркен Мәзбаев келеді. Ол чемпионатта 142 доп соқса, одан кейін жарқ еткен Мұрат Тілешев 131 рет қарсылас қақпасын дәл көздеген. Кезінде Кеңес үкіметі құрамасының сапында Сейілдә Байшақов пен Евгений Яровенко өнер көрсетті. Олипиядалық команда сапына Е.Яровенко мен В.Талгаев алынды. КССР-дың екінші құрамасында А.Шох пен В.Масудов өнер көрсеткенін де айта кеткеніміз жөн.   ТАРАЗДЫҚ КОМАНДАЛАРДЫҢ КУБОК БӘСЕКЕЛЕРІНДЕГІ ӨНЕРІ «ДИНАМО» Қазақстан кубогында жамбылдық «Динамо» командасы алғаш рет 1948 жылы көріне білді. Бұл команда Евсей Давыдұлы Уршанскидің арқасында қайта жасақталып, тәуір көрсеткіш тіркей бастады. Ол жай ғана команда құрып қана қойған жоқ, сонымен қатар өзі бапкер әрі команда капитаны болып та жүрді. Сол жылы олар жартылай финалда «Трудовые резервы» деген Алматы облысының командасын 3-1 есебімен жеңді. Бірақ, олар финалда Қарағандының «Динамосына» 4-1 есебімен есе жіберіп қойды. 1950 – жылғы кубок бәсекесінде «Динамо» шымкенттік «Металлургты» 4-1 есебімен жеңді.  Голдарды: Е.Уршанский - 2, С.Велисариди, К.Козмидилер соқты. Ал финалда олар Алматы құрамасын 3-1 есебімен жеңді. Голдарды: Е.Уршанский, К.Козмиди, В.Гончаровтар соқты. «Динамоның» сол кездегі құрамы төмендегідей болатын: Е.Ротт, В.Ткаченко, Н.Щёголь, А.Мозговой, В.Гончаров, С.Велисариди, Е.Уршанский, К.Козмиди, Н.Ермаков, Ф.Гриценко, Р.Келесов, С.Колесихин, В.Сущнко, П.Аргиропуло. Сол жылы 3-қазан күні «Динамо» Каз ССР кубогының иегері ретінде СССР кубогына қатысты. Ойын біздің қаладағы «Динамо» стадионында өтті. Қонаққа Әзірбайжан кубогының иегері «Нефтчи» келді. 10 мыңға жуық жанкүйердің көз алдында жергілікті футболшылар жеңілуге мәжбүр болды. Есеп 1-2. Голдарды И. Абрамашвили 25`, А.Мамедов 75`, «Динамодан» - Н.Щёголь 42` соқты. 1950 жылы «Динамо» Казсовпроф кубогын жеңіп алғанын да айта кетуіміз керек. Финалда жамбылдықтар Балхаштан келген «Цветмет» командасын 5-0 есебімен жеңді. Бес голдың барлығын Эльвир Петров соқты. 1958 жылы В.Сердюков бастаған жігіттер жартылай финалда Сарань қаласының «шахтер» командасын 2-0 есебімен жеңді. Финалда жамбылдықтар Павлодар қаласының «Строитель» командасына жеңіліп қалды. Матч есебі 3-2. «ТЕПЛОВОЗНИК» В 1967 году жамбылский «Тепловозник» в розыгрыше Кубка Каз ССР с участием команд коллективов физкультуры, в полуфинале выиграл у команды «Алтай» г.Усть-Каменогорск - 2:1. В финале, который проходил в г.Алма-Аты, соперник железнодорожников была команда «Авангард» г.Петропавловск. Убедительную победу одержал «Теловозник» - 4:0. За «Тепловозник» играли: Ф.Шарафутдинов, А.Ахатов, А.Сундеев, Б.Николенко, Ю.Бочкарев, Акулов, С.Горбанев. Играющий тренер: Г.Маслов. За выигрыш Кубка Казахстана игрокам было присвоено звание «Кандидата в мастера спорта СССР». Как обладатель кубка, «Тепловозник» принял участие в розыгрыше Кубка СССР среди команд КФК. Соперником железнодорожников была команда «Олимпия» г.Кирово-Чипетск. Игра проходила в гостях, где тепловозники проиграли - 1:0. 1967 жылы жамбылдың «Тепловозник» командасы КазССР кубогының жартылай финалында финалында өскеменнің «Алтай» командасын 2-1 есебімен жеңіп, финалға жолдама алды.  Алматыда өткен ақтық сында жерлестеріміз Петропавлск қаласының «Авангард» командасын 4-0 есебімен жеңіп, кубок иегері атанды. «Тепловозник» сапында сол маусымда мына футболшылар өнер көрсетті: Ф.Шарафутдинов, А.Ахатов, А.Сундеев, Б.Николенко, Ю.Бочкарев, Акулов, С.Горбанев. жаттықтырушы: Г.Маслов. Сол жеңісі үшін команданың барлық өкіліне «СССР-дің спорт шеберлігіне үміткер» деген мансап берілді. ҚазССР кубогының иегері болғандықтан «Тепловозник» бүкіл Одақ көлеміндегі кубоктың додасына қатысты. Жамбылдықтардың алғашқы қарсыласы Киров-Чипетск қаласының «Олимпия» командасы болды. «АВТОМОБИЛИСТ» 1973 және 1978 жылдары КазССР кубогының жартылай финалдарында жамбылдың «Автомобилист» командасы Теміртаудың «Болатына» 4-1 Шевченко қаласының «Труд» ұжымына 4-2 есебімен жеңіліп қалды. 1980 жылы «Автомобилист» «Казсовпроф» кубогын жеңді. Соның арқасында олар ВЦСПС кубогына (Милиондар кубогы) қатысты. Жамбылдықтар бұл жарыста республика намысын бермей, сәтті өнер көрсетті.Олар алдымен «Хазар» (Ленкорань) мен «Автомобилист» (Житомир) командаларын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды. Онда олар Нарва қаласының атынан шыққан эстониялық ұжымға 1:0 есебімен жеңіліп қалды. «МЕЛИОРАТОР» 1985 жылы студенттерден жасақталған«Мелиоратор» командасы КФК кубогына қатысты. Екі матчтың қорытындысы бойынша олар Талдықорған қаласының «Жетісу» командасына жеңілді. Есеп 4:1 мен 3:3. 1987 жылы «Мелиоратор» ДГМСИ осы кубоктың финалына тағы да шықты. Бұл жолғы қарсылас «Алюминщик» (Павлодар) командасы жамбылдықтарға оңтайлы келіп, жерлестеріміз жеңімпаз атанды. 1988 жылы Жамбыл былғары аяқ киім тігу фабрикасының «Кожевник» деп аталатын командасы КФК кубогына қатысты. Ширек финалға дейін жеткен аяқдопшылар «Горняк» (Никольский) командасына жеңіліп қалды. Казсовпроф кубогы жарысы Никольком қаласында өткен кезде «Кожевник» жартылай финалда «Локомотив» (Целиноград) командасын 1:0 есебімен ұтты. Бірақ, ақтық сында жергілікті «Горняк» командасына 1:0 есебімен жол беріп қойды. Екі команда да бүкілодақтық ВЦСПС кубогына қатысты. Ал 1990 жылы «Мелиоратор» екінші рет Қаз ССР (КФК) кубогының жеңімпазы атанды. Финалда жерлестеріміз «Труд» (Шевченко) командасын 4:0 есебімен жеңді.

Ермұхамед МӘУЛЕН

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×