Ислам Чесноков Шотландия Премьершипіне қадам басты, деп хабарлайды Aladop.kz.
Орталық Азияның тұңғышы
Қазақстан — Шотландияның жоғарғы лигасына ойыншы жіберген әлемдегі 124-ші мемлекет атанды. Ал Чесноков — Шотландия төрінде өнер көрсететін Орталық Азиядан шыққан алғашқы футболшы.
FC 2026
Исламның танымалдылығы тек жасыл алаңмен шектелмейді. Жақын арада ол әлемге әйгілі FC 2026 (FIFA) ойынына ресми түрде қосылады. Сарапшылардың болжамынша, оның рейтингі 65-75 аралығында болады.
Дебют қашан?
Жанкүйерлердің тағатсыздана күткен сәті алыс емес. Ислам Чесноков жаңа клубы — "Хартс” сапындағы алғашқы ойынын 11 қаңтар күні "Дандиге" қарсы өткізуі мүмкін.