Бүгін, 23 тамызда Чемпионшиптің екінші туры аясында «Вест Бромвич» өз алаңында «Бёрнлиді» қабылдайды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Бұл ойын Қазақстандық жанкүйерлер үшін ерекше маңызға ие, өйткені Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаевтың Англиядағы дебюттік матчы өтуі мүмкін.
Матч Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады. Ойын қарсаңында Ағылшын клубы әлеуметтік желілерде әлемнің түрлі қалаларындағы жанкүйерлер үшін кездесудің басталу уақытын жариялаған болатын. Маңыздысы, сол тізімнің ішінде Алматы қаласы да бар, бұл клубтың Қазақстандық футболшыға және оның отанындағы жанкүйерлерге деген назарын білдіреді.
Турнирлік кестедегі жағдайға тоқталсақ, «Вест Бромвич» үш ұпаймен 9-шы орында, «Бёрнли» бір ұпаймен 16-шы сатыға жайғасқан.
Естеріңізге сала кетейік, 16 тамызда өткен бірінші турда «Бёрнли» өз алаңында «Вест Хэммен» 2:2 есебімен тең түскен болатын. Алайда, ол кезде Дастан Сәтпаев ойынға қатысатын футболшылардың тізіміне енбеген еді. Бүгінгі матчта отандасымыздың алаңға шығу мүмкіндігі жоғары деп күтілуде.