Тарихи сәт – Кәрім Меңдіқанов “Барселона” сапына қосылды

Бүгін, 18:17

Қазақстан футболында айтулы оқиға орын алды. 15 жастағы отандасымыз Кәрім Меңдіқанов Каталониялық "Барселонамен" келісімшартқа отырды, деп хабарлайды Aladop.kz.

Тарихи сәт – Кәрім Меңдіқанов “Барселона” сапына қосылды

Белгілі инсайдер Фернандо Полоның хабарлауынша, жас талант келесі маусымнан бастап командаға ресми түрде қосылады.

Кәрімнің ойын өрнегі:

– Позициясы: Оң қанаттағы шабуылшы.

– Артықшылығы: Жоғары жылдамдық пен мінсіз техника иесі.

– Стилі: Жекелей шеберлігі өте жоғары, қарсыласты бетпе-бет келгенде алдап өтуден қаймықпайды және гол соғу түйсігі ерекше дамыған.

Tribuna.com сайтының мәліметінше, Кәрім Испанияның "Sant Cugat FC" клубындағы жарқын ойынымен "Барселонаның" назарына іліккен екен.

2011 жылы Қазақстанда дүниеге келген ол Испан футболымен жақсы таныс. Меңдіқанов 2022 жылдан бері Каталонияда тұрады, ал өткен маусымды "Cerdanyola” сапында өткізген болатын.

Кәрімге Eуропалық бірнеше ірі ұжымдар көз тіккенімен, ол таңдауын “Барса” пайдасына жасады. Осылайша, Меңдіқанов "Барселона" тарихындағы тұңғыш Қазақстандық футболшы атанбақ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×