“Тек бірнеше ай ғана жарқырайды” – Агент “Ордабасының” жаңа жұлдызы туралы қатты айтты

Бүгін, 15:13

Шымкенттік "Ордабасы" 1 сәуір күні кипрлік "АЕЛ" клубынан Бразилиялық вингер Лео Нателді сатып алғанын ресми түрде жариялаған болатын. Алайда, бұл трансферге қатысты Кипрлік танымал футбол агенті Элиас Онисифорудың пікірі көпшілікті ойландырып тастады, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Тек бірнеше ай ғана жарқырайды” –  Агент “Ордабасының” жаңа жұлдызы туралы қатты айтты

Legalbet.kz тілшісіне берген сұхбатында агент Бразилиялық ойыншының деңгейіне қатысты ашық айтты. Оның сөзінше, Нателдің бойында таланты болғанымен, ең басты мәселе — тұрақтылықтың жоқтығы.

"Иә, бұл трансферден хабардармын. Лео Нател — жылдам әрі физикалық тұрғыдан мықты ойыншы. Бірақ бір қызығы, оның соңғы бес жылда бірде-бір толыққанды өнімді маусымы болмаған. Бұл тек маусымның бірнеше айында ғана жарқ- етіп көрініп, қалған уақытта көлеңкеде қалатын футболшы.” — деп мәлімдеді Онисифору.

Агенттің айтуынша, Нателдің бұрынғы клубы "АЕЛ"-де қазір айтарлықтай мақсат қалмаған, сондықтан олар ойыншыны жіберуге оңай келіскен көрінеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×