“Тек Қазақстанды таңдаймын” – Бельгияда доп тебетін жас талант Ұлттық құраманы Әлем чемпионатына шығаруға уәде берді

20.12.2025, 08:43

Қазақстан құрамасының болашақ жұлдызы Еуропада тәжірибесін арттыруда деп хабарлайды, Aladop.kz.

“Тек Қазақстанды таңдаймын” – Бельгияда доп тебетін жас талант Ұлттық құраманы Әлем чемпионатына шығаруға уәде берді

Бельгиялық "Генк” клубының 16 жастағы шабуылшысы Шахмұрат Дәулетов жастар командасы сапында УЕФА Жасөспірімдер лигасында дебют жасап, мамандардың назарына іліккен еді. Алайда, оның басты арманы Еуропалық клубтармен ғана емес, туған елінің намысын қорғаумен байланысты.

Бельгия құрамасы сапында өнер көрсету мүмкіндігі болса да, жас футболшы өз таңдауын нақты жасаған көрінеді. Kassim — Это Футбол YouTube арнасына берген сұхбатында ол өзге елдің намысын қорғамайтынын ашық айтты.

"Әрине, мен Қазақстанды таңдаймын. Бұл — менің туған жерім, мен сонда дүниеге келдім. Өмірімнің басым бөлігін Қазақстанда өткіздім, сондықтан тек өз елімнің құрамасында ойнағым келеді. Бұл — Отанға деген махаббат. Мүмкін, біреулер Еуропада туып-өскен шығар, бірақ әр адам өзінің шыққан тегін, кім екенін ұмытпауы керек. Мен Қазақстанмен бірге Әлем чемпионатына барғым келеді.” — деді Дәулетов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 15
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×