Telegraph: "Челси" трансферлік кезеңде 150 млн. фунт жұмсамақ"

08.12.2019, 21:41
Telegraph: "Челси" трансферлік кезеңде 150 млн. фунт жұмсамақ"

Лондонның "Челсиі" CAS тарапынан қойылған бан күшін жойғаннан кейін қысқы ауыс-түйіс кезінде 150 миллион фунтқа ойыншы сатып алуды көздеп отыр.

Клуб сатып алғысы келетін футболшылар қатарында "Боруссия" шабуылшысы Джейдон Санчо, "Лестер" қорғаушысы Бен Чилуэлл, "Лион" шабуылшысы Мусса Дембеле, "Кристал Пэлас" жартылай қорғаушысы Уилфрид Заха мен "Борнмут" қорғаушысы Натан Аке бар. Соңғысының трансфері 40 млн. фунтқа бағалануда.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×