«Темірдің қолынан келеріне ешкімнің де күмәні болған жоқ». 21 жасар Анарбеков «Слованмен» өткен пенальти сериясына шығуы мүмкін болған екен

28.08.2025, 12:58

«Қайраттың» капитаны Александр Мартынович командаласы Темірлан Анарбековтың өнерін бағалап, ерекше қасиетін тілге тиек етті.

«Темірдің қолынан келеріне ешкімнің де күмәні болған жоқ». 21 жасар Анарбеков «Слованмен» өткен пенальти сериясына шығуы мүмкін болған екен
Темірлан Анарбеков "Қайрат" ФК қақпашысы

21 жасар қақпашы «Селтикке» қарсы қарымта ойында 3 пенальтиді қайтарып, алматылық клубты негізгі кезеңге алып шыққан болатын.

«Біз өткен маусымда «Жеңіске» қарсы өткен ойында Темірланның пенальтилер сериясында мықты екенін білгенбіз. Темірлан ол кезде бізді Қазақстан Кубогінен ұшырып жіберген еді. Ол 11 метрлік соққыларды сұмдық қайтарады және тіпті «Слованмен» болған бәсекедегі пенальтидің алдында бізде бір ойыншыны алмастыратын мүмкіндік болып, Темірланды шығарсақ па дегенбіз. Шамасы бапкерлері Заруцкий ойында болған соң соған сенім артқан болар. Алайда, Темірдің қолынан келеріне ешкімнің де күмәні болған жоқ», - деді А. Мартынович «Championat.com» сайтына берген сұқбатында.

Темірлан Анарбеков «Қайраттың» түлегі. Жуырда Қазақстан құрамасының ӘЧ-2026 іріктеуі аясындағы ойындарына шақырту алды. Осыған дейін түрлі жастағы ұлттық командалар қатарында өнер көрсетіп келді.      

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 12
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×