Темірлан Анарбеков алғаш рет Қайрат капитаны міндетін атқаратын болады

22 жастағы қақпашы Чемпиондар Лигасының “Олимпиакосқа” қарсы кездесуінде Алматы ұжымын көшбасшы ретінде алаңға бастап шығады. 

Темірлан Анарбеков алғаш рет Қайрат капитаны міндетін атқаратын болады

Бүгін ойынға бастапқы минуттардан Александр Мартыновичтің шықпауына байланысты, капитандық таңба Темірлан Анарбековке тапсырылды.

Бұған дейін Темірлан “Қайрат” үшін өткізген 18 ойында көшбасшы міндетін атқарып көрмеген болатын. 

Айтпақшы, Чемпиондар Лигасының Астанадағы кездесуінен кейін Валерий Громыко мен Александр Мартынович бірден Беларусь құрамасы қосынына кететін болады. Карлос Алос Феррер шәкірттері Ұлттар Лигасында Солтүстік Ирландия мен Болгарияға қарсы ойын өткізеді. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×