Қазақстан құрамасы мен "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбеков 2026 жылғы әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алдағы матчтар жайлы пікір білдірді.
"Аллаһ қаласа, құрамамен бірге тарих жазамыз деп ойлаймын. Бұл тек менің еңбегім емес, бүкіл команданың еңбегі. Маған сенім білдірген жаттықтырушы штабына, басшылыққа алғыс айтамын. Ұлттық құрамада жақсы ойын көрсетуге барымды саламын." – деді қақпашы.