Темірлан Анарбеков АПЛ-ге баруы мүмкін бе? Қақпашы құпия ұсыныс жайлы айтты

12.12.2025, 12:06

«Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбеков өзіне түскен ұсыныс туралы айтты.

Темірлан Анарбеков АПЛ-ге баруы мүмкін бе? Қақпашы құпия ұсыныс жайлы айтты
Темірлан Анарбеков "Қайрат" ФК қақпашысы

Сондай-ақ, қандай чемпионатқа барғысы келетінін де тілге тиек еткен.

«Директорлар сөйлесуде. Нақты ұсыныс түсетін болса – бірақ әзірге ондай жоқ. Бала күнімнің арманы – Ағылшын Премьер-лигасы. Кез-келгені клубы, айырмашылығы жоқ», - деді Т. Анарбеков «Жетінші арнаға» берген сұқбатында.

Айта кетейік, биыл 23 жастағы қақпашы ЧЛ-да алматылық клубтың негізгі құрамында өнер көрсетіп, шеберлігін паш етуде. Испаниялық  «Marca» басылымы ол туралы «Чемпиондар Лигасының» үздік қақпашысы «Қайратта» ойнайды» деген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 27
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×