Темірлан Анарбеков «Арсеналмен» болатын ойын туралы: жүз пайыз дайын боламыз

Бүгін, 11:12

«Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков «Арсеналға» қарсы өтетін ойын туралы пікірімен бөлісіп, командасының дайындығы жайлы сөз етті.

 

Темірлан Анарбеков «Арсеналмен» болатын ойын туралы: жүз пайыз дайын боламыз
Темірлан Анарбеков "Қайрат" ФК қақпашысы

«Бала кезімнен АПЛ командаларының ойындарын көріп өстім. Мұндағы эмоция мүлдем бөлек. Алла қаласа, ойын кезінде қандай сезімде болатынымызды көреміз. Біз Чемпиондар лигасында мықты қарсыластарға қарсы біраз матч өткіздік. Алаңға жайдан-жай шықпаймыз, жүз пайыз дайын боламыз. Чемпиондар лигасының топ-20 ойыншысының қатарына ену мен үшін үлкен қысым, кедергі болмайды. Біз күн сайын бар күшімізді салып жүрміз. Осы үшін командаластарыма алғыс айтқым келеді», - деді Т. Анарбеков «ASnews.kz» сайтына берген сұхбатында. 

ЧЛ 8-турының аясында болатын «Арсенал» - «Қайрат» арасындағы матч біздің уақытпен 01:00-де басталады. Кездесу «Эмирейтс» стадионында өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 7
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×