Темірлан Анарбеков: бала кездегі арманым орындалды

22.10.2025, 18:21

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңі аясында 3-турдағы «Қайрат» - «Пафос» ойынында негізгі қақпашы ретінде алаңға шыққан Темірлан Анарбеков өз ойымен бөлісті.

Темірлан Анарбеков: бала кездегі арманым орындалды

«Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі бірінші ойынымды өткіздім. Бала кездегі бір арманым орындалды!», – деді футболшы өз парақшасында.

Темірлан Анарбеков 14 қазан күні Қазақстан чемпионатының 23-турында «Ақтөбеге» қарсы матчта ауыр жарақат алып, 1 айдай емделген еді. Осыған байланысты «Қайраттың» бастапқы 2 турында қақпа кілті 18 жастағы Шерхан Қалмырзаға тапсырылған еді.

Кеше Алматыда өткен кездесуде Темірлан Анарбековтың қақпасына 6 cоққы бағытталса да, бірде-бір гол жібермей, кезекті рет басты қаһармандардың біріне айналған болатын. Осының арқасында клуб Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінде тарихи 1 ұпайына қол жеткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×