Темірлан Анарбеков Чемпиондар лигасындағы ойындардың деңгейі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Анарбековтың айтуынша, Чемпиондар лигасында ойнау командаға үлкен тәжірибе беріп жатыр.
Темірлан Qsport сайтына берген сұхбатында былай деді:
“Чемпиондар лигасында Еуропалық командалармен ойнау — мүлде басқа деңгей. Біз өз деңгейімізді білеміз. Қазіргі сәтте бізге аздап жетпей жатқаны рас, бірақ дәл осындай Еурокубок матчтары арқылы өсетінімізге сенемін.”
Одан "Команда әр матч сайын алға жылжып келеді. Сіз өз деңгейіңіздің өсіп жатқанын сезінесіз бе?" деген сұрақ қойылғанда, Темірлан:
"Команда да, ойыншылар да даму үстінде, басты айырмашылық — Чемпионлар лигасының қарқын мен талаптардың әлдеқайда жоғары болуы. Тәжірибе арта келе, "Қайрат” Еуропалық бәсекелестерге жақындай түседі.” – деп жауап берді.