Темірлан Анарбеков «Галатасарайға» ауысуы ықтимал

30.08.2025, 15:31

Түркиялық фанаттар «Қайраттың» жас қақпашысы Темірлан Анарбековтің өнеріне тәнті.

Темірлан Анарбеков «Галатасарайға» ауысуы ықтимал
Темірлан Анарбеков

Сол жақтағы топ-клубтардың жанкүйерлері Х әлеуметтік желісінде 21 жасар футболшы туралы көптеген теңеулер келтіріп, мақтап-мадақтауда. Сондай-ақ, қазақ қақпашысына «Галатасарай» не «Трабзонспор» басшылығының назарын аударуға тырысуда. Мәселен, түркиялық фанаттар «Галатасарайға» бельгиялық Сенне Лемансты 25 млн еуроға алудан көрі, Темірланды 5-ақ миллионға сатып алу тиімді боларын айтуда. 

Айта кетейік, алматылық қақпашы өткенде командасын ЧЛ негізгі кезеңге алып шыққан еді. Анарбеков плей-офф қарымта матчының пенальти сериясында 3 пенальтиді қайтарып, ойынның қаһарманы болды. Енді алматылық ұжыммен Еурокубоктік бәсекеде «Реал» Мадрид, «Арсенал» және «Интер» сияқты топ-клубтарға қарсы өнер көрсетпек.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 37
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Масқара 2
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×