Темірлан Анарбеков: “Өз күшімізге сеніп, командалық мінезді көрсеттік”

Қақпашы Темірлан Анарбеков бүгінгі Бельгиямен болған ойынды қорытындылады.

Темірлан Анарбеков: “Өз күшімізге сеніп, командалық мінезді көрсеттік”

“Ойын қарқынды мәнерде өтті. Қиын болды, алайда команда ойыншылары мен жанкүйерлерімізге мың алғыс. Олардың қолдауы бүгінде жақсы болды. Тіпті матч барысында бір-бірімізді есітмей жаттық. Бельгиямен бір ойыншыға кем бола тұрып, 1:1 есебімен тең ойнау - айтып түсіндіруге келмейді. Біз әлі де өз көзімізге сене алмай отырмыз.

Менің ойымша, біз өз күшімізге сеніп, командалық мінезді көрсете алдық. Болашақта командамен бірге өсіп, жеңіске жететінімізге сенімдімін”.

22 жастағы атыраулық қақпашы Темірлан Анарбеков бүгінгі іріктеу кездесуінде қарсылас тараптан жасалған 8 соққыны сәтті қайтарды. Сол арқылы ол команда 8,1 баллдық көрсеткішімен ең үздік деп танылды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 22
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Қазақстан
Aladop Youtube
×