Темірлан Анарбеков ұлттық құрамада дебют жасаған ең жас қақпашы ма?

04.09.2025, 21:52

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Қазақстан құрамасы өз алаңында Уэльсті қабылдап, Темірлан Анарбеков ерекше тізімге енді.

Темірлан Анарбеков ұлттық құрамада дебют жасаған ең жас қақпашы ма?

Бүгінгі ойында ел тарихындағы 30-шы қақпашы дебют жасады.

Давид Лория - 18 жас, 6 ай, 25 күн

2000 жылы Иорданияда өткен Хусейн патшаның кубогында Давид Лория Сирияға қарсы матчта алаңға шығып, 4 гол жіберді.

Қақпашы өз мансабында ең көп 46 ойында алаңға шыққан (2017 жылға дейін).

Вадим Егошкин - 21 жас, 7 ай, 28 күн

Қазақстан құрамасының ең бірінші Түркіменстанға қарсы өткен ойынында (1992 жыл) қақпа Вадим Егошкинге сеніп тапсырылды.

Ол мансабында тек 3 мәрте ғана Қазақстанның жейдесін киген.

Темірлан Анарбеков - 21 жас, 10 ай, 21 күн

Уэльске қарсы ойында қақпашы өз қақпасына бағытталған 5 соққының 4-уін қайтарды.

Айта кетейік, бүгін Қазақстан құрамасы өз алаңында Уэльске 0:1 есебімен есе жіберді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×