Темірлан Анарбеков үшін Еуропалық клубтар қанша беруі мүмкін? «Қайрат» қақпашысының болашағы бағаланды

18.12.2025, 12:12

«Sports.kz» порталы «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтің мансабы туралы материал жасап, болашақ трансферін бағалады.

Темірлан Анарбеков үшін Еуропалық клубтар қанша беруі мүмкін? «Қайрат» қақпашысының болашағы бағаланды
Темірлан Анарбеков "Қайрат" ФК қақпашысы

Материалда 22 жастағы қақпашы мен Посткеңестік кеңістіктен топ-лигаларға кеткен қақпашылардың бағасы мен жүріп өткен жолы салыстырылған.

«Қорыта айтқанда, бүгін посткеңестік кеңістіктегі топ қақпашылардың құны ең жоғары деуге келмейді, алайда, үлкен клуб біраз қаражат жұмсай алады. Анарбековті қалғандарымен салыстыра келе, оның жағдайы Трубиннің «Бенфикаға» трансферіне ұқсайды. Ол кезде Анатолий де 22 жаста болатын, топ болмаса да жақсы  клубқа барып, қазір тұрақты прогресс көрсетуде. Дәл қазір Темірланды одан арзан бағалайтын болар, себебі, Трубин трансфер іске асқанда еурокубоктерде бірнеше маусым ойнап үлгерген болатын, сондықтан, Анарбековтің құны шамамен 3 миллион мен 7 миллион еуроның арасында болуы ықтимал», - делінген материалда.

Дәл қазір Анарбековтің нарықтық бағасы 400 мың еуро. 22 жастағы қақпашы ЧЛ негізгі кезеңінде 4 матчта өнер көрсетіп, 1 ойында қақпасын голдан аман алып қалды.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×