Темірлан Анарбеков жаттығуға қайта оралды

10.10.2025, 19:30

Темірлан Анарбеков ұзақ үзілістен кейін командасының негізгі тобымен бірге жаттығуға қайта қосылды.

Темірлан Анарбеков жаттығуға қайта оралды

Клубтың баспасөз қызметі жариялаған бейнероликте қақпашының әріптестерімен бірге дайындық барысында белсенді әрекет етіп жүргені көрініс тапқан. 

Темірлан жарақатын "Ақтөбеге” қарсы ойында алған болатын. Сол кездесуде оның орнына Шерхан Қалмұрза қақпаны қорғағп, матч 1:0 есебімен "Қайраттың" пайдасына шешілген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×