Танымал футбол менеджері Васант Балан «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбековтің өнеріне тәнті.
Белгілі маман 23 жастағы қақпашының ЧЛ матчтарындағы өнеріне тоқталып, мансабының қалай жалғасуы мүмкін екенін тілге тиек етті.
«Ол шынымен де сұрапыл қақпашы. Әр ойында жай ғана талантын көрсетіп қоймайды, ұстамды, соңына дейін күресетін қақпашы. Егер қазір оның мансабымен сауатты түрде айналысатын болса, жолын дұрыстап тұрып түзе алады. Еуропаның ортаңқол бір клубы арқылы топ-команда деңгейіне дейін жете алады. Бірден алпауыт клубқа барса ше? Жоқ, олай болмайды – алдымен бейімделіп алуы керек: тіл, мәдениет. Не дегенмен ол қазақ және менің білуімше мұсылман», - деген болатын В. Балант.
Темірлан Анарбеков кеше ЧЛ 5-турының аясында «Копенгагенге» қарсы ойында бірнеше сейв жасап, шеберлігімен көзге түсті. Алматылық қақпашы турнирдің жалпы кезеңіндегі басқа да мачтарда қаһарман болып, үздік сейвтер тізімінен орын алуда.