Темірлан Анарбековтың есімі Чемпиондар лигасының тарихына алтын әріппен жазылды

22.10.2025, 17:40

"Пафоспен" болған ойында Темірлан Анарбеков нағыз тарихи матч өткізді.

Темірлан Анарбековтың есімі Чемпиондар лигасының тарихына алтын әріппен жазылды

Жарақатына байланысты "Қайраттың” алғашқы екі ойынын өткізіп алған 22 жастағы қақпашы бұл жолы алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңінің сахнасына шықты. 

Анарбеков керемет сейвтерімен командасын бірнеше рет құтқарып, қарсыластардың барлық шабуылын тойтарды. Нәтижесінде ол Чемпиондар лигасы тарихындағы 10 балдық рейтинг алған бар болғаны үшінші қақпашы атанды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 8
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×