Команданың Түркиядағы оқу-жаттығу жиынына ескі таныс, Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов қосылды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Қазіргі уақытта Қазақстан құрамасының ойыншысы “Ақ-Қызылдар” сапында қаралымнан өтуде.
Ерлановтың команда жаттығуына қатысып жатқанын клуб басшылығы ресми түрде растады. Егер бапкерлер алқасының көңілінен шықса, футболшының бұрын өзі өнер көрсеткен ұжымға қайта оралуына толық мүмкіндігі бар.
Темірлан Ерланов "Ақтөбе" жанкүйерлеріне жақсы таныс. Ол 2021–2022 жылдар аралығында Батыс Қазақстандық клубтың намысын қорғап, команданың қорғаныс шебінде сенімді ойын үлгісін көрсеткен болатын.