Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Темірлан Ерланов Ұлттар Лигасы аясында Албаниямен өткен ойынды қорытындылады.
– Қақпадан допты шығарғаннан кейін не ойладыңыз?
– Бұл - әрбір қорғаушының міндеті. Қорғаушының жұмысы қақпашыға көмектесу. Бәріміз жүз пайызға ойнауымыз керек.
– Қарсылас командадан осындай қысым күттіңіз бе?
– Албания – өте мықты команда. Өздеріңіз білесіздер, бұл құраманың ойыншылары Еуропада ойнайды. Сондықтан, бүгін осындай нәтижеге жеткенімізге өте қуаныштымын.
– Команданың қорғаныстағы өзара түсіністігі қалай?
– Командада бәріміз бір-бірімізді түсеніміз, түсініспеушілік болған жоқ.
Біздің серіктес: FONBET